2026 жылғы 2 сәуірде Freedom Cloud Қарағанды облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі Қарағанды қаласындағы ДӨО-да (деректерді өңдеу орталығында) өтті.
Компания өңірмен бірлесіп цифрлық инфрақұрылымды дамытып, заманауи АКТ- (АКТ — Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) шешімдерді енгізетін болады. Бұлтты технологиялар, Smart city/Region, Big Data және AI, сондай — ақ денсаулық сақтау, ТКШ (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы), энергетика, білім беру және АӨК (Агроөнеркәсіптік кешен), сияқты негізгі салаларды цифрландыру басты назарда.
Серіктестік 5 жылға есептелген және табысты шешімдерді кейіннен масштабтаумен пилоттық жобаларды іске қосуды көздейді.