«AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанатының отырысындағы Freedom Cloud Holding бас директорының сөзі

2026 жылғы 20 мамырда Freedom Cloud Holding бас директоры Аслан Амангелдіұлы Жүсіпов Астанадағы Alem.ai халықаралық орталығында «AMANAT» партиясының
Предприниматели Аманат

2026 жылғы 20 мамырда Freedom Cloud Holding бас директоры Аслан Амангелдіұлы Жүсіпов Астанадағы Alem.ai халықаралық орталығында «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанаты мен IT-сала көшбасшыларының кездесуінде сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында Freedom Cloud Holding пен Freedom Telecom компанияларының Қазақстанның AI және бұлтты инфрақұрылымын дамыту, радиожиілік спектрін басқару жүйесін жаңғырту, «Cloud First» қағидатын енгізу және еліміздің цифрлық егемендігін нығайту жөніндегі бастамалары таныстырылды.

Шара аясында Аслан Амангелдіұлы Жүсіпов «AMANAT» партиясының қатарына ресми түрде өтті. Freedom Cloud Holding компаниясы цифрлық экономиканы, инновацияларды және Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін дамыту бойынша мемлекеттік жобаларды белсенді түрде қолдауға міндеттелді.