Форум бағдарламасында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Шанхай мэрі Гун Чжэннің құттықтау сөздерімен салтанатты ашылу, спикерлердің сөз сөйлеуі, «Алматының инвестициялық әлеуеті»панельдік талқылауы өтті».
Іс-шара барысында қытайлық серіктестермен бірлесіп жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың стендтер көрмесі және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтт.
Freedom Cloud Holding Ltd. мен холдингтің еншілес кәсіпорны Freedom Satellite мобильді спутниктік байланыс саласындағы өздерінің сарапшылық шешімдерін сәтті таныстырды.
«Алматы – Шанхай 2026» бизнес-форумына қатысу Freedom Cloud Holding Ltd компаниясының халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадамы болды. Мұндай іс-шаралар іскерлік байланыстарды нығайтуға, серіктестік желісін кеңейтуге және холдингтің технологиялық шешімдерін халықаралық нарықтарда ілгерілетуге ықпал етеді.